Новости KZ

Face ID емханаларда: Қазақстан медицинасының жаңа қадамы

Технологиялар біздің өмірімізді өзгертіп, оны ыңғайлы және қауіпсіз етуде. Қазақстан емханаларында енгізіліп жатқан Face ID жүйесі – осының дәлелі. Енді дәрігерге бару оңайырақ болып, медициналық деректеріңіз сенімді түрде қорғалады. Бұл жүйе қалай жұмыс істейді және оның пайдасы қандай екенін бірге талдайық.

Медицинадағы Face ID дегеніміз не?
Face ID – пациенттердің жеке басын анықтауға арналған бет-әлпетті тану жүйесі. Ол дәстүрлі медициналық карталар мен құжаттарды алмастырады, тіркеу процесін жеделдетеді. Бірінші бару кезінде пациенттің беті сканерленіп, қорғалған дерекқорға енгізіледі. Кейінгі кездерде тіркелу үшін камераға қарау жеткілікті.

Бұл қаншалықты ыңғайлы?
Уақытты үнемдеу. Тіркеу бөлімінде кезек күтудің немесе  жоғалған медициналық картаны іздеудің қажеті жоқ. Face ID сізді бір сәтте анықтайды.
Процестерді жеңілдету. Жүйе сіздің тіркелген емханаңыз, қабылдауға жазылуыңыз және емдеу тарихыңызды автоматты түрде шығарып береді.
Қауіпсіздік. Деректеріңіз жоғалудан немесе бұрмалаудан қорғалған. Тек сіз өз медициналық ақпаратыңызға қол жеткізе аласыз.
Дәрігерлер мен пациенттерге пайдасы қандай?
Face ID медициналық қызметкерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Дәрігерлер пациенттің толық медициналық тарихына тез қол жеткізіп, дұрыс диагноз қойып, тиімді ем тағайындай алады. Сонымен қатар, жүйе адамдық факторға байланысты қателіктерді азайтады.

Пациенттер үшін бұл аса маңызды. Мысалы, құжаттарыңызды ұмытып кеткен жағдайда немесе шұғыл жағдайларда Face ID сізді тез анықтап, қажетті ақпаратты қамтамасыз етеді.

Тіркелу қалай жүргізіледі?
Процесс өте қарапайым:

Алғашқы бару кезінде сіздің бет-әлпетіңіз сканерленіп, жүйеге енгізіледі.
Кейінгі қабылдауларда жүйе сізді автоматты түрде таниды.
Бұл процедура небәрі бірнеше минутты алады және мүлдем қауіпсіз.

Нені білу маңызды?
Face ID банктік салада және басқа салаларда өзін жақсы дәлелдеді. Медицинада оны енгізу – қазіргі заманғы қолжетімді әрі сапалы қызметке бағытталған қадам.

Қорытынды
Face ID – бұл тек технология емес, сіздің жайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіздің кепілі. Жақын болашақта мұндай инновациялар біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады. Денсаулық сақтау саласындағы заманауи шешімдерге сенім артыңыз – олар сіздің жайлылығыңыз бен денсаулығыңыз үшін жұмыс істейді!

Денсаулықты бақылауда ұстаңыз: скринингтік тексерулердің маңызы неде?

Денсаулықты бақылауда ұстаңыз: скринингтік тексерулердің маңызы неде?

Әрқайсымыз ұзақ әрі сау өмір сүруді армандаймыз. Бірақ қазіргі қарбалас өмірде денсаулыққа көңіл бөлуді кейінге қалдырып жатамыз. Скринингтік тексерулер – ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін қарапайым, бірақ өте тиімді әдіс. Қазақстанда мұндай тексерулер мемлекеттік бағдарлама аясында тегін жүргізіледі. Неліктен бұл маңызды екенін талдап көрейік.

Скринингтен өту не үшін қажет?
Скрининг – бұл ауру белгілері пайда болмай тұрып, оларды анықтауға бағытталған медициналық процедуралар жиынтығы. Бұл тексерулер:

Жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, қатерлі ісіктерді және басқа да қауіпті ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
Асқынулардың алдын алып, белсенді өмірді ұзартуға көмектеседі.
Ұзақ емдеу қажеттілігін болдырмай, уақыт пен қаражатты үнемдейді.
Мысалы, әйелдердегі сүт безі мен жатыр мойны қатерлі ісігі ерте анықталған жағдайда, сәтті емдеу ықтималдығы өте жоғары. Сол сияқты, қант диабетін ерте диагностикалау қан тамырлары мен ағзалардың зақымдануы сияқты ауыр асқынулардың алдын алады.

Скринингті кімдер өте алады?
Қазақстандағы скринингтік бағдарламалар тәуекелі жоғары белгілі бір жас топтарына арналған:

40-70 жас аралығындағы әйелдер: сүт безі мен жатыр мойны қатерлі ісігіне тексеру.
40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер: артериялық гипертензия, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау.
50 жастан асқан азаматтар: тоқ және тік ішек қатерлі ісігіне тексеру.
Барлық тексерулер тұрғылықты жер бойынша емханада тегін жүргізіледі.

Скринингке қалай жазылуға болады?
Емханаға барып, өзіңізге арналған тексеру түрлері туралы сұраңыз. Медициналық қызметкерлер сізді бағдарламаға тіркеп, ыңғайлы уақытты белгілейді. Көптеген емханаларда онлайн жазылу мүмкіндігі бар, бұл сіздің уақытыңызды үнемдейді.

Денсаулықты күту – оңай!
Есіңізде болсын, ауруды ерте анықтау өмірді сақтап қалады. Скринингтік тексеру – бұл тексеру ғана емес, өзіңіз бен жақындарыңыз үшін денсаулықты сақтап қалудың мүмкіндігі. Өз денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз – скринингтен бүгін өтіңіз!

Сіздің денсаулығыңыз – сіздің қолыңызда!

Құрметті ата-аналар! Соңғы айлары Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық жағдайы тіркелген. Балаларыңызға мұқият болуды сұраймыз.

Құрметті ата-аналар! Соңғы айлары Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық жағдайы тіркелген. Балаларыңызға мұқият болуды сұраймыз.

 

Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық байқалады. ДДҰ-ы қызылшамен сырқаттанушылықтың себебін қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып отыр. Бұл Қазақстан аумағына осы инфекцияның әкелінуі және егілмеген тұрғындар арасында оның тез таралуы қаупін арттырады.

 

Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті?

 

Қызылша – дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Жалпы әлсіздік пайда болып, бас ауырып, тәбет төмендейді, ұйқы бұзылады.

 

Қызылша кезінде кейіннен бір біріне бірігетін, қызғылт немесе қызыл дақ түрінде бөртпелер шығады.

 

  • Бірінші күні бөртпе құлақтың артына, бастың шаш бөлігіне, бетке және мойынға, кеуденің жоғары бөлігіне шығады;
  • Екінші күні бөртпе денеге және қолдың жоғарғы бөлігіне шығады;
  • Үшінші тәулікте бөртпе аяққа шығып, бетіндегісі бозарады.

 

Инфекция көзі – науқас адам. Вирус ауа-тамшы жолы арқылы, сілемей тамшылары арқылы, түшкірген кезде, сөйлеген кезде таралады. Ауа ағымымен вирус айтарлықтай қышықтықққа таралуы мүмкін. Қызылшамен ауыратын науқас болған үй-жайдың ауасымен тыныс алған кезде қызылша жұғуы мүмкін. Егер адам қызылшамен ауырмаған болса және осы инфекцияға қарсы егілмеген болса, онда науқаспен байланыста болғаннан кейін негізінен жағдайдың 100%-да жұғу орын алады. 

 

Қызылшамен ауыратын науқас айналасындағылар үшін 7-10 күн ішінде қауіпті болып табылады. Адамдардың табиғи сезімталдығы өте жоғары, ауырып сауыққаннан кейін адамдарда өмір бойына иммунитет пайда болады. Қызылшамен қайталап сырқаттану жағдайы өте сирек кездеседі.

 

Қызылшамен сырқаттанған кезде күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін. Оларға өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит), кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы) тәрізді өте күрделі жағдайлар жатады.

 

Қызылшамен ауырып сауыққаннан кейін ұзақ уақыт бойы (2 айға дейін) иммунитеттің төмендеуі байқалатынын есте сақтау қажет, сондықтан бала қандай да бір суық тию немесе вирустық аурумен ауыруы мүмкін, сол себепті оны шамадан тыс жүктемеден, мүмкіндігінше-науқас балалармен қарым-қатынастан қорғау қажет.

 

Аурудан сенімді қорғанудың бірден бір жолы Ұлттық егулер күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация болып табылады.

 

 

 

Ата-аналарға:

– балаларының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егулер алу;

– қызылшаға қарсы егілмеген балалардың әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын, ойын-сауық сауда орталықтарындағы ойын алаңдарына баруын шектеу ұсынылады.

 

 

Егер Сіз немесе Сіздің балаңыз ауырған жағдайда:

– катаралды құбылыстармен (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) байқалып және бөртпе шығып аурудың бірінші белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау;

 – ауыр жағдайларда жедел жәрдем шақырту;

– дәрігер келгенге дейін туыстарымен, таныстарымен және басқа адамдармен байланысты шектеу;

 – жөтелген және түшкірген кезде бет орамалды немесе сулықты пайдаланып, ауызды және мұрынды жабу, қолды сабынмен жиі жуу;

– тыныс алу ағзаларының қорғаныш құралдарын (мысалы, бетперде немесе дәке таңғыш) пайдалану – өзін өзі емдемеу қажет!

 

Қызылшаның алдын алу.

 

Инфекцияға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация болып табылады.

 

Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбелігіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау 12 айлық кезінде және қайталап 6 жаста жүргізіледі.  Сондай-ақ қызылшамен ауырмаған, бұрын егілмеген немесе қызылшаға қарсы вакцинациясы туралы мәліметтері жоқ 18-35 жастағы ересектер егіледі (иммундау егулер арасындағы кемінде 3 ай аралықпен екі рет жүргізіледі). Қызылшаға қарсы егілгені немесе бұрын қызылшамен ауырғаны туралы мәліметтері нақты емес қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар вакцина алуы қажет. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын сенімді иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық ахуал төмендеген кезде жүргізілген болса да қызылшаның дамуының алдын алады.   

 

Қызылша – қауіпті инфекция. Балаңызды қорғап үлгеріңіз!

 

Структура проекта KAZ

Общая структура интернет площадки представлена в таблице ниже (разделы, содержание и дополнительный функционал может быть оговорена дополнительно)

Прикрепление населения

Поликлиника №8 проводит прикрепление населения по праву свободного выбора медицинской организации.

Для прикрепленного населения в рамках ГОБМП будет предоставляться бесплатная первичная медико-санитарная помощь, консультативно-диагностическая помощь, стационарозамещающая помощь.

Гарантируем доступное, своевременное и качественное обслуживание.

Справочная, регистратура: т. 41-12-72